Компания туралы

«Геотерм» — геологиялық барлау, ұңғымалар бұрғылау және инженерлік ізденістерге маманданған қазақстандық компания. Біз бүкіл ел бойынша жұмыс істейміз және су тарту мен құрылысқа арналған сенімді кешенді шешімдер ұсынамыз.

220+

жоба мемлекеттік тапсырыстар мен тікелей шаруашылық шарттар бойынша орындалған

341

елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілді

100+

техника мен механизм өз өндірістік базамызда орналасқан

140

қызметкер компания штатында жұмыс істейді

34

жерасты су кен орны қосымша барлау нәтижесінде қайта бағаланды

3000м

біз бұрғылаған термалды ұңғыманың тереңдігі

1

өндірістік база Алматы облысы, Қаскелең қаласында орналасқан

1

аккредиттелген гидрохимиялық зертхана

Лицензиялар

«Геотерм» компаниясы инженерлік ізденістерге, бұрғылау және гидрогеологиялық жұмыстарға рұқсаттарды қоса алғанда, барлық қажетті лицензиялар мен сертификаттар негізінде жұмыс істейді. Рұқсат құжаттарының болуы біздің қызметтеріміздің заңнама мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін растайды.

Команда құрамы

Біздің командамыз — әртүрлі климаттық және геологиялық жағдайларда жұмыс істеген тәжірибесі бар мамандар. «Геотерм» инженерлері, геологтары және техникалық мамандары салалық білімге, сертификаттарға және далалық тәжірибеге ие, бұл жерасты суларын барлаудан бастап бұрғылау мен инженерлік ізденістерге дейін кез келген күрделі тапсырмаларды тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Дулат Қажкенұлы Калитов

Бас атқарушы директор

Геология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның Құрметті жер қойнауын барлаушысы, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР минералдық ресурстар академиясының академигі, тау-кен инженері және гидрогеолог. 41 жылдық еңбек өтілі.

Мұрат Дулатұлы Калитов

Директор

Үш жоғары білімі бар: мұнай техникасы магистрі (Politecnico di Torino), мұнай техникасы бакалавры (Сәтбаев университеті), тау-кен ісі бакалавры (Уәлиханов университеті). Гидрогеология, инженерлік және мұнай геологиясы кафедрасының докторанты (Сәтбаев университеті). Жұмыс өтілі - 15 жыл

Ринат Кисмельевич Бейімбетов

Басқарушы директор

Екі жоғары білімі бар, инженер-механик және инженер-құрылысшы. 23 жылдық еңбек өтілі

Сейтбеков Даулетбек Тұякович

Басқарушы директор

Телекоммуникация және мұнай-газ инженері. 30 жылдық жұмыс тәжірибесі

Мухияев Мұхтаржан Сатыбалдыұлы

Бас атқарушы директорлар

Инженер - экономист. 30 жаста

Салауат Сайлаубекұлы Жанәбілов

Директордың орынбасары

Тау-кен инженері және гидрогеолог. 28 жылдық жұмыс тәжірибесі

Бізбен байланысыңыз

Өтінім қалдырыңыз — менеджеріміз сізбен байланысып, кеңес беріп, жұмыс құнын есептеп береді. Біз Қазақстан бойынша жеке және мемлекеттік тапсырыстармен жұмыс істейміз.

Рахмет! Біз сізбен жақын арада байланысамыз
Бір нәрсе дұрыс болмады. Өтінімді сәл кейінірек қайта жіберіп көріңіз