Компания туралы

«Геотерм» — геологиялық барлау, ұңғымаларды бұрғылау және инженерлік ізденістерге маманданған қазақстандық компания. Біз бүкіл ел аумағында жұмыс істейміз және сумен жабдықтау мен құрылысқа арналған сенімді шешімдерді кілтке тапсыру арқылы ұсынамыз.

220+

жоба мемлекттік тапсырыстар мен тікелей шаруашылық келісімшарттар бойынша орындалды

341

елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілді

100+

техника мен механизм өз өндірістік базамызда бар

140

қызметкер компанияның штатында жұмыс істейді

34

жерасты су кен орны қосымша барлау нәтижелері бойынша қайта бағаланды

3000м

біздің бұрғылаған термалды ұңғыманың тереңдігі

1

өндірістік база Алматы облысы, Қаскелең қаласында орналасқан

1

аккредиттелген гидрохимиялық зертхана

Лицензиялар

«Геотерм» компаниясы инженерлік ізденістерге, бұрғылау және гидрогеологиялық жұмыстарға рұқсаттарды қоса алғанда, барлық қажетті лицензиялар мен сертификаттар негізінде жұмыс істейді. Рұқсат құжаттарының болуы біздің қызметтеріміздің заңнама мен қауіпсіздік стандарттарына сай екенін растайды.

Команда құрамы

Біздің команда — әртүрлі климаттық және геологиялық жағдайларда жұмыс істеген тәжірибесі бар кәсіби мамандар. «Геотерм» инженерлері, геологтары мен техникалық мамандары салалық білімге, сертификаттарға және далалық жұмыс тәжірибесіне ие, бұл жерасты суларын барлаудан бастап бұрғылау және инженерлік ізденістерге дейінгі кез келген күрделі тапсырмаларды тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Дулат Қажкенұлы Калитов

Бас атқарушы директор

Геология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның Құрметті жер қойнауын барлаушысы, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР минералдық ресурстар академиясының академигі, тау-кен инженері және гидрогеолог. 41 жылдық еңбек өтілі.

Мұрат Дулатұлы Калитов

Директор

Үш жоғары білімі бар: мұнай техникасы магистрі (Politecnico di Torino), мұнай техникасы бакалавры (Сәтбаев университеті), тау-кен ісі бакалавры (Уәлиханов университеті). Гидрогеология, инженерлік және мұнай геологиясы кафедрасының докторанты (Сәтбаев университеті). Жұмыс өтілі - 15 жыл

Беимбетов Ринат Кисмельевич

Басқарушы директор

Екі жоғары білімі бар, инженер-механик және инженер-құрылысшы. 23 жылдық еңбек өтілі

Сейтбеков Даулетбек Туякович

Басқарушы директор

Телекоммуникация және мұнай-газ инженері. 30 жылдық жұмыс тәжірибесі

Мухияев Мухтаржан Сатыбалдыұлы

Бас қаржы директоры

Инженер - экономист. 30 жылдық тәжірибесі

Салауат Сайлаубекұлы Жанәбілов

Директордың орынбасары

Тау-кен инженері және гидрогеолог. 28 жылдық жұмыс тәжірибесі

Связаться с нами

Оставьте заявку, наш менеджер свяжемся с вами для консультации и расчёта стоимости работ. Работаем по всему Казахстану — с частными и государственными заказами.

Спасибо! Мы свяжемся с вами в скором времени
Что-то пошло не так, попробуйте отправить заявку еще раз позднее